
«БІЗДІҢ ІЛИЯ» ХАБАРЫ КӨРЕРМЕНМЕН ҚАЙТА ҚАУЫШАДЫ
Ол - сөз өнері мен саз өнерінен қонған қасиетті қатар ұстап, қылқаламын жанына серік еткен біртуар тұлға. Оның «Еділ мен Жайығы» жүректерде сақталып, «Жайлаукөл кештері» көптің көңілінде қалды. Ал, «Асылым» мен «Әселім» атты әндері әуезі бөлек, тарихы ерек дүниелер. Ол халқы үшін құрметті, иісі қазаққа қадірлі Илья Жақанов. Телеарна өңір мақтанышына айналған асылына арнайы «Біздің Ілия» жобасын көрерменген ұсынған болатын. Жаңа 2021 жылы да көрерменнің сұрауымен хабар жалғасын табады. Толығырақ, тілші тарқатады.