
Бір тәулікте 10 адам вирус жұқтырды
Кесел қайта өршіді. Облыста соңғы тәулікте 10 адам короновирус жұқтырды. Ал 14 науқас инфекциялық стационарда ем алуда. 15 пациент үй жағдайында ем алуда. Өңірде вакциналау жұмыстары қарқынды. Covid-19 қарсы екпенің I компонентімен 271 453 адам, II компонентімен 259 029 тұрғын егілді. Қайта вакциналанғандар саны 91 075, ревакцинацияланғандар 2636 адамға жетті.