
БЕРЕКЕЛІКТЕРДІҢ БЕРЕКЕСІ ҚАШТЫ
Жаңадан салынған баспаналар сапасыз болып шықты. Береке ықшам ауданында тұрғызылған 9 қабатты тұрғын үйлердің бірінде кәріз құбыры жарылып, пәтер ішін нәжіс суы басқан. Көшіп келгендеріне бірер жыл ғана уақыт болған тұрғындар қыстың бел ортасында далада қалды. Тақырыпты Қайраттың Жұлдызы тарқатады.