ШҰҒЫЛ! Эпиджағдай нашарлап барады Толығырақ

Белсенді жастар жемқорлықпен күрес жайын талқылады

20:10, 24 қараша 2021

Белсенді жастар жемқорлықпен күрес жайын талқылады

Өңірде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында кездесу өтті. Оған облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаменті басшысының бірінші орынбасары Айдос Мамыт  пен  жас көшбасшылар қатысты. Шара барысында жиналғандар сыбайлас жемқорлықтан аулақ болу және агенттіктің тарихы мен бүгінгі қызметі жайында сөз қозғады. Жалпы ел бойынша сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың бірнеше  бағыты бар.  Мемлекет саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлыққа "мүлдем төзбеушілік" ахуалын жасап, оған бүкіл қоғамды тарту, Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту. Сондай-ақ, жиында тұрмыстық жемқорлықты жоюға бағытталған "Адалдық алаңы"  жобасы мен  мемлекеттік қызметкерлерге сыйлық ұсынған жағдайда қандай шаралар қолданатыны жөнінде де сөз қозғалды.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Беларусь аяқ киімдерінің жәрмеңкесі өтуде
22:36, 21 қаңтар 2022
Беларусь аяқ киімдерінің жәрмеңкесі өтуде
Толығырақ...