
"Бейбітшілік пен келісім" фильмінің тұсаукесері өтті
Атырауда «Бейбітшілік пен келісім жолымен» фильмінің тұсаукесері өтті.Телевизиялық жоба танымал журналист Леонид Парфёновтың заманауи трэвл-танымдық шоу форматында жасалды.Фильмнің тұсаукесеріне Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова, этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен өкілдері қатысты.Жоба мақсаты - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлттық егемендік пен тәуелсіздікті нығайтудағы, бейбітшілік пен келісім саясатының құндылықтарын шоғырландырудағы рөлін көрсету. Туындыда Қазақстанда өмір сүретін түрлі этнос өкілдерінің тұрмыс-тіршілігімен қатар, жеткен жетістіктері мен қосқан үлестері, өңірлердегі бірегей ғимараттар, соның ішінде Достық үйлері - бейбітшілік пен келісім орталықтарының қызметі жайлы баяндалған.