
БАУЫРСАҚ ІШІНДЕГІ ТРАМАДОЛ
Бауырсақтың ішіне трамадол жасырып бермек болды. 8 сәуір күні Атыраудағы тергеу изоляторында күдіктілерге әкелінген сәлемдемелерді тексеру барысында 19 бауырсақтың ішіне жасырынған ақ түсті дәрі-дәрмектер табылды. Заңсыз сәлемдеме УГ-157/1 мекемесінде ұрлық жасағаны үшін күдікті ретінде ұсталынып отырған азаматқа арналғаны анықталды. Мекемеге Атырау қалалық полиция басқармасының жедел тергеу тобы шақыртылып, тәркіленген дәрілік заттар сот-медициналық сараптамасына жөнелтілген. Сот медициналық сараптама қорытындысы шыққаннан кейін іс-құжаттар “курьерді” жауапкершілікке тарту үшін сотқа жолданады. Айта кету керек, мекемеге келетін сәлемдемелердің барлығы мекеме қызметкерлерімен жіті тексеріліп, рентген аппараты арқылы өтеді.