
БАЛАЛАРҒА БАЗАРЛЫҚ
Балаларға базарлық! Атырау қаласы әкімдігінің қолдауымен, табысты мекеме демеушілігімен "Атырау" ықшам ауданында балалар ойын және футбол алаңы пайдалануға берілді. Әдемі әрі сапалы. Көздің жауын алады. Аумағы 2 326 м квадратты құрайтын орында барлық жағдай қарастырылған. Құрылысы 6 ай жүргізілді. Балаларға жаттығуға да мүмкіндік бар. Аяқдоп алаңына газон төселген. Ойынды тамашалау үшін арнайы 35 орындық орналастырылған. Демеуші мекеме бөбектердің қауіпсіздігіне мән берген.Сондықтан, ата-аналарға алаңдауға еш себеп жоқ. Жарықшамдар да қондырылған.