ШҰҒЫЛ! БРИФИНГ Толығырақ

БАЛАЛАР БАҚЫЛАУСЫЗ ҚАЛМАСЫН

17:47, 19 наурыз 2020

БАЛАЛАР БАҚЫЛАУСЫЗ ҚАЛМАСЫН

Әлеуметтік желілерде Атырауда  бір топ жасөспірімнің көпқабатты үйдің шатырында ойнап жүргені туралы бейнеролик жарияланды. Балалар Нұрсая ықшам ауданындағы №14 үйдің шатырына ашық қалған есік арқылы шыққан. Шатырдағы жеткіншектерді қарсы бетте тұрған көпқабатты үйдің тұрғындары видеоға түсіріп, интернетке жүктеген. «Аталған дерекке байланысты Атырау қалалық полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторлары Нұрсая ықшам ауданында қызмет көрсететін пәтер иелері кооперативінің басшылығына ескерту жасады. ПИК қызметкерлері №14 үйдің шатырына шығуға арналған есікті дәнекерлеп, құлып салды. Қазір учаскелік полиция инспекторлары ПИК басшыларымен бірлесіп көпқабатты үйлердің шатырын тексеріп жатыр». Осындай жағдайлар қайталанбас үшін құқық қорғаушыларға ата-аналарға үйде отырған балалардың қараусыз қалмауын ескертеді. 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар