
Балабақшаларда берілетін бір реттік ыстық тамақ қымбаттайды
Балабақшаларда берілетін бір реттік ыстық тамақ бағасы өседі.Бұл туралы білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айнагүл Дүйсекенова өңірлік кәсіпкерлер палатасының алаңындағы кездесуде айтты. Спикердің сөзінше, «Азық-түлік бағасының қымбаттауына байланысты балабақшаларда берілетін бір реттік ыстық тамақтың бағасын көтеру туралы қаулы қабылданды. Енді 3 жасқа дейінгі балалар үшін бұл сома 402 теңгеден 627 теңгеге дейін, 3 жастан 7 жасқа дейінгі балалар үшін 473 теңгеден 783 теңгеге дейін өседі. Мектептердегі балаларды бір реттік ыстық тамақпен қамтамасыз ету тарифі жаңа оқу жылының басында қайта қаралады», -деді Айнагүл Дүйсекенова.