ШҰҒЫЛ! NUR SUNQAR СЫЙЛЫҒЫ ATYRAY ТЕЛЕАРНАСЫНДА Толығырақ

"БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ "ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛАДЫ

20:02, 7 сәуір 2021

"БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ "ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛАДЫ

Атырау облысы әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия отырысы өтті. Күн тәртібінде 2 мәселе қаралды. Алдымен, 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалу барысы таныстырылды. Тұжырымдамада 9 нысаналы көрсеткішпен жұмыс жасау бойынша атқарылған істер баяндалды. Екінші мәселе, Атырау қаласында отбасын қолдау орталығын құрып, жұмысын ұйымдастыру. Қазіргі уақытта шаһарда "Бақытты отбасы" отбасын қолдау орталығын және егде жастағы мүгедектігі бар жандарға арналған "Тең қоғам" орталығын ашу бойынша жұмыстар атқарылып жүр. Ол үшін қалалық мәслихат сессиясында 110 миллион теңге бөлінген. Орталықтың жұмысын жүргізетін 17 маман да бекітілген. Жоспар бойынша Нұр-Сұлтан қаласының "Жанұя" отбасы институтын қолдау орталығының тәжірибесімен жүзеге асатын жоба ағымдағы жылдың шілде айында ашылады деп жоспарланған. Алайда, оның олқы тұстары да аз болмай тұр.

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

 МАХАМБЕТТЕ ХАЛЫҚ АСПАПТАР ОРКЕСТРІ ҚҰРЫЛДЫ
20:04, 16 сәуір 2021
МАХАМБЕТТЕ ХАЛЫҚ АСПАПТАР ОРКЕСТРІ ҚҰРЫЛДЫ
Толығырақ...
ЕЛІМІЗДЕ 2021 ЖЫЛЫ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ДЕҢГЕЙІ 4,9 ПРОЦЕНТ БОЛУЫ МҮМКІН
20:03, 16 сәуір 2021
ЕЛІМІЗДЕ 2021 ЖЫЛЫ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ДЕҢГЕЙІ 4,9 ПРОЦЕНТ БОЛУЫ МҮМ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар