
"Бақытты отбасы" бойынша өтінім қабылдау басталды
«Бақытты отбасы» ипотекалық тұрғын үй бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау басталды деп хабарлайды орталық коммуникациялар қызметі.Бағдарламаға қатысу туралы өтінім otbasybank.kz платформасында 20 маусым мен 19 шілде аралығында қабылданады. Ол үшін Отбасы банк клиенті болу қажет және аутентификация кодын алу үшін қолда ұялы телефон болуы керек. Қосымша анықтамалар мен құжаттар қажет емес. Жүйе үміткердің деректерін тексеріп, өтініш қалыптастырады.
Бағдарламаға қатысу үшін жергілікті органда тұрғын үй кезегінде тұру маңызды .Санаттар :
- көпбалалы отбасы;
- мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасы;
- толық емес отбасы
Банктың хабарлауынша, өткен жылы «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша өтінім берген, алайда баспана алмаған азаматтар биыл өтінімді қайта беруі қажет.
Өтінім қабылдау аяқталғаннан кейін қатысушылардың негізгі және резервтік тізімдері автоматты түрде қалыптастырылады. Тізімдерге бөлу кезінде қатысушылардың жергілікті әкімдікте кезекке тұру күні мен санаты ескеріледі. Конкурс нәтижелері otbasybank.kz порталына орнастырылады.
Айта кетсек, бүгінге дейін «Бақытты отбасы» бағдарламасымен 14 500 қазақстандық баспаналы болды .