
АЗҒЫР АУЫЛЫНДА МӘДЕНИЕТ ҮЙІ САЛЫНАДЫ
Облыс орталығынан шалғай жатқан Құрманғазы ауданының Азғыр ауылында мәдениет үйі салынады. Нысанның құрылысы биыл басталмақ. Қазіргі таңда облыста 3 мәдениет ошағы бой тіктеуде. Осы жылы халық игілігіне беріледі. Сондай-ақ, өткен жылы Ойыл ауылдық округіндегі «Шалқыма» мәдениет үйі де күрделі жөндеуден өтті. Еске сала кетелік, облыс бойынша 256 мәдениет мекемесі халыққа қызмет көрсетуде. Өңірде мәдениет үйін және клубтық мекемелер салуды қажет ететін елді мекендер саны бесеу.