ШҰҒЫЛ! NUR SUNQAR СЫЙЛЫҒЫ ATYRAY ТЕЛЕАРНАСЫНДА Толығырақ

АУЫЛІШІЛІК АВТОБУС ЖҮРЕ БАСТАДЫ

20:09, 5 наурыз 2021

АУЫЛІШІЛІК АВТОБУС ЖҮРЕ БАСТАДЫ

Қоғамдық көлік мәселесі Махамбет ауданында оң шешімін тауып келеді. Өткен жылы Атырау қаласына қатынайтын, жолақысы 400 теңгелік автобус іске қосылса, биылғы жылы «Махамбет-Сарытоғай» бағытында ауылішілік қоғамдық көлік қатынай бастады. Жолаушыларды 22 орындық қос автобус тасымалдамақ. Жолақасы небәрі 50 теңгелік қоғамдық көлік жексенбі күні де қызмет көрсетеді. Мүмкіндігі шектеулі балаларға, көру және есту қабілеті бұзылған адамдарға жеңілдіктер қарастырылған. Алдағы уақытта көшелерге талапқа сай аялдамалар орнатылып, арнайы белгілер де қойылмақ. Сонымен қатар, наурыз айының 1-нен бастап ауданға қарасты Алға ауылы мен Атырау қаласы бағытында да маршрут іске қосылған болатын. Жауапты мамандардың сөзінше, мұндай жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ.

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

 МАХАМБЕТТЕ ХАЛЫҚ АСПАПТАР ОРКЕСТРІ ҚҰРЫЛДЫ
20:04, 16 сәуір 2021
МАХАМБЕТТЕ ХАЛЫҚ АСПАПТАР ОРКЕСТРІ ҚҰРЫЛДЫ
Толығырақ...
ЕЛІМІЗДЕ 2021 ЖЫЛЫ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ДЕҢГЕЙІ 4,9 ПРОЦЕНТ БОЛУЫ МҮМКІН
20:03, 16 сәуір 2021
ЕЛІМІЗДЕ 2021 ЖЫЛЫ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ДЕҢГЕЙІ 4,9 ПРОЦЕНТ БОЛУЫ МҮМ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар