
АТЫРАУЛЫҚТАРДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ БІР ЖЕРДЕН АЛУЫНА МҮМКІНДІК ЖАСАЛДЫ
Атырау қаласының халыққа қызмет көрсету орталығы жаңа ғимаратқа қоныс аударды. Бұл бастама Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "бір терезе" қағидаты бойынша облыс әкімдігінің қолдауымен жүзеге асты. 6 қабатты нысанды өңір басшысы Махамбет Досмұхамбетов аралап, жұмыс барысымен тынысып шықты.