
Атыраулықтардың 62 пайызы дауыс берді
Өңірде 9 аумақтық, 261 учаскелік референдум комиссиясы өз жұмыстарын 7:00-де бастады. Облыста жалпы есеппен дауыс беруге құқығы бар 400 мыңға жуық азамат тіркелді. 18,00ге дейін келіп түскен мәлімет бойынша атыраулықтардың 62 пайызы мемлекет болашағын айқындауда өз таңдауларын жасады. Комиссия төрағасының айтуынша, науқан аясында қала тұрғындарының ерекше белсенділігі байқалды.