
Атыраулық дәрігерлер шетелде біліктілігін шыңдайды
Атыраулық дәрігерлердің біліктілігін шыңдау үшін арнайы бағдарлама әзірленді. Алдағы 2-3 айдың ішінде 80 маман шет елдерде білімін нығайтады. Оның ішінде Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Германия, Түркия, Ресей және Израиль мемлекеттері бар. Бұл туралы баспасөз алаңында өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев мәлімдеді. Толығырақ әріптесім Қымбат Даирқызы тарқатады.