ШҰҒЫЛ! Есірткі шегіп, көлік жүргізген жүргізуші ұсталды (ВИДЕО) Толығырақ

Атыраулық балалар Ресей пансионатына аттанды

20:15, 13 маусым 2022

Атыраулық балалар Ресей пансионатына аттанды

Атыраулық 80-ге жуық бала Ресейдегі «Қазақстан геологы»  пансионатына демалуға аттанды.  Бұл туралы облыстық білім басқарамасы басшысының міндетін атқарушы Айнагүл Дүйсекенова мәлім етті. Аталған пансионат Железноводск пен Пятигорск қалаларының аралығындағы Иноземцево кентіндегі Бештау баурайында орналасқан. Лагерьде  балалардың жайлы әрі қызықты уақыт өткізуі үшін барлық жағдай жасалған. Демалыс кезінде балдырғандарға мәдени, спорттық бағдарламалар, конкурстар ұйымдастырылып, түрлі фильм көрсетіледі. Бұдан бөлек,  демалушылар сол маңдағы қалаларға саяхаттап, тарихымен танысады. Табиғаттың таңғажайып сұлулығы, таза ауа және емдік минералды су балаларға қуат беріп қана қоймай, демалысты тиімді өткізуге, денсаулығын нығайтуға көмектеседі. Айта кетейік, лагерьге  бүлдіршіндер  тек жаз айларында  ғана емес, жыл бойы қабылданады.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Атырауда қоян-қолтық ұрыс бойынша республикалық турнир өтті (ВИДЕО)
21:39, 15 тамыз 2022
Атырауда қоян-қолтық ұрыс бойынша республикалық турнир өтті...
Толығырақ...
Нан қалдықтарына арналған контейнер (ВИДЕО)
21:31, 15 тамыз 2022
Нан қалдықтарына арналған контейнер (ВИДЕО)
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Білім грант иегерлерінің тізімі жарияланды (Жуктеу)
17:10, 10 тамыз 2022
Білім грант иегерлерінің тізімі жарияланды (Жуктеу)
Толығырақ...