ШҰҒЫЛ! NUR SUNQAR СЫЙЛЫҒЫ ATYRAY ТЕЛЕАРНАСЫНДА Толығырақ

АТЫРАУДА "ТҮЙЕ ПАЛУАН" САЙЫСЫ ӨТТІ

20:05, 26 ақпан 2021

АТЫРАУДА "ТҮЙЕ ПАЛУАН" САЙЫСЫ ӨТТІ

Атырауда Тәуелсіздік мерейтойына арналған «Түйе палуан» сайысы өтті. «Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында қазақ күресінен ересектер арасында ұйымдастырылған «Түйе палуан» сайысын көріп, жеңімпаздарын марапаттады. Сайысқа өңірдің ауыр салмақтағы жиырмаға жуық палуаны қатысып, бақтарын сынады. Іс-шара «Қазақстан - спорттық ұлт» жобасы шеңберінде «Бәйтерек» спорт клубының жүлдесіне арналды. Іс-шараға Атырау облысында қазақ күресінің негізін қалаушы, ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы Мәлік Сүлейменов, ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы жүлдесіне арналған қазақ күресінен «Қазақстан барысы» республикалық турнирінің алғашқы жаңімпазы Ұлан Рысқұл арнайы келіп қатысты.Сондай-ақ, аталған палуандар кездесуінде Атырау облысында қазақ күресінің негізін қалаушы, ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы Мәлік Сүлейменовті ҚР Қазақ күресі федерациясының «Қазақ күресін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапаттады.Сайыс нәтижесінде, атыраулық Абылай Амандық 1-орынды, қызылқоғалық Руслан Ізғалиев 2-орынды, Шынболат Хасанов 3-орынды иеленді.

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

 МАХАМБЕТТЕ ХАЛЫҚ АСПАПТАР ОРКЕСТРІ ҚҰРЫЛДЫ
20:04, 16 сәуір 2021
МАХАМБЕТТЕ ХАЛЫҚ АСПАПТАР ОРКЕСТРІ ҚҰРЫЛДЫ
Толығырақ...
ЕЛІМІЗДЕ 2021 ЖЫЛЫ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ДЕҢГЕЙІ 4,9 ПРОЦЕНТ БОЛУЫ МҮМКІН
20:03, 16 сәуір 2021
ЕЛІМІЗДЕ 2021 ЖЫЛЫ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ДЕҢГЕЙІ 4,9 ПРОЦЕНТ БОЛУЫ МҮМ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар