ШҰҒЫЛ! «Махаббат, қызық мол жылдар» Толығырақ

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

13:34, 22 мамыр 2020

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Кадрлық ауыс-түйіс. Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды. ҚР Президенті әкімшілігінің келісімімен енді бұл қызметті Таубаев Нұрлан Бақтыбайұлы атқарады. Жаңа лауазым иесін облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында таныстырды. Нұрлан Бақтыбайұлы 1976 жылы 26 мамырда Атырау қаласында дүниеге келген. Жоғары білім иесі, Атырау мемлекеттік мұнай және газ институтын тау-кен геология инженері, Қазақстандық экономика және құқық институтын заңгер және Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін экономист-менеджер мамандықтары бойынша тәмамдаған. Ал еңбек жолын, 1995 жылы Атырау қаласында "Экспресс- юг" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасары қызметінен бастаған. 1998-2000 жылдар аралығында "Денсаулық" және "Ислам" жауапкершілігі серіктестігінің директоры болған. 2000-2006 жылдары Атырау қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің, 2006-2008 жылдары ҚР Индустрия және сауда министрлігі бәсекелестікті қорғау комитетінің Атырау облысы бойынша монополияға қарсы басқармасының, 2008-2012 жылдары Атырау және Маңғыстау облыстары бойынша өңіраралық инспекциясының басшысы және өзге де лауазымдарды атқарған. Соңғы жұмыс орны ҚР Ұлттық экономика министрлігінің табиғи монополияларды реттеу комитеті Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы болды. Айта кетейік, бұған дейін Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін Шапкенов Серік Жамбылұлы атқарды. Басқа қызметке ауысуына байланысты ол өз өтінішімен қызметінен босатылды.

 

 

 

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ДЕЗИНФЕКЦИЯ ШАРАЛАРЫ ҚАЙТА КҮШЕЙТІЛЕДІ
22:23, 29 мамыр 2020
ДЕЗИНФЕКЦИЯ ШАРАЛАРЫ ҚАЙТА КҮШЕЙТІЛЕДІ
Толығырақ...
КОММУНАЛДЫҚ ТӨЛЕМДЕР МЕМЛЕКЕТ ЕСЕБІНЕН ТӨЛЕНЕ  БАСТАЙДЫ
22:22, 29 мамыр 2020
КОММУНАЛДЫҚ ТӨЛЕМДЕР МЕМЛЕКЕТ ЕСЕБІНЕН ТӨЛЕНЕ БАСТАЙДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚҚА ТАСТАЙ  БАТЫП, СУДАЙ  СІҢГЕН ҚАЛМАҚ ҚЫЗЫ
18:03, 29 мамыр 2020
ҚАЗАҚҚА ТАСТАЙ БАТЫП, СУДАЙ СІҢГЕН ҚАЛМАҚ ҚЫЗЫ
Толығырақ...
ИСАТАЙЛЫҚТАР  БАСПАНАСЫЗ ЖАНДАРҒА ҮЙ СЫЙЛАДЫ
16:15, 28 мамыр 2020
ИСАТАЙЛЫҚТАР БАСПАНАСЫЗ ЖАНДАРҒА ҮЙ СЫЙЛАДЫ
Толығырақ...