ШҰҒЫЛ! NUR SUNQAR СЫЙЛЫҒЫ ATYRAY ТЕЛЕАРНАСЫНДА Толығырақ

АТЫРАУ КӨШЕЛЕРІ УАҚЫТША ЖАБЫЛАДЫ

20:13, 14 сәуір 2021

АТЫРАУ КӨШЕЛЕРІ УАҚЫТША ЖАБЫЛАДЫ

15 сәуір күні қаладағы Георгий Канцев көшесі уақытша жабылады. Сағат таңғы 10:00 ден бастап жолда қайта жаңғырту жұмыстары басталады. Реконструкция барысында екі жолақты көше төрт жолақты болып кеңейтіліп, жаяу жүргіншілер жолы салынады. Заманауи көше шамдары да қондырылады. Осылайша ұзындығы 1.30 шақырымға жуық жолдың жалпы ені 14 метрге, қалыңдығы 80 сантиметрге дейін ұзартылады. Жауаптылардың айтуынша қайта жаңғырту жұмыстары 8 айға созылмақ. Айта кетейік, жөндеу жұмыстарын арнайы техникалық қадағалаушылар тәулік бойы бақылауда ұстайды. 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар