ШҰҒЫЛ! Эпиджағдай нашарлап барады Толығырақ

Атырау дзюдошылары 2 алтын, 4 қолаға қол жеткізді

20:14, 22 қараша 2021

Атырау дзюдошылары 2 алтын, 4 қолаға қол жеткізді

Сүйінші! Өңір спортшылары тағы да жеңіске жетті.  Орал қаласында дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында ел чемпионаты өтті. Үш күнге созылған сайыстың қорытындысында  атыраулық спортшылар 2 алтын, 4 қола жүлдеге ие болып, жалпы командалық есепте үшінші орынға табан тіреді. Жарыстың алғашқы күні әйелдер арасында 48 келіде Абиба Абужақынова жарыс жеңімпазы атанса, ерлер арасында 66 келіде Амангелді Ермек қарсыласты шақ келтірмей, ел чемпионы атағына қол жеткізді және осы салмақта Айболат Ыстыбай қола жүлдеге ие болды. Ал  Қанат Сейілхан 60 келіде қола жүлде жеңіп алды. Екінші жарыс күні әйелдер арасында 63 келіде Есімгүл Куюлова мен ерлер арасында 90 келі салмақта Сұңғат Закарияев қола жүлдеге ие болды. Айта кетейік, 2022 жылғы ҚР чемпионаты Атырау облысында өтеді.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Беларусь аяқ киімдерінің жәрмеңкесі өтуде
22:36, 21 қаңтар 2022
Беларусь аяқ киімдерінің жәрмеңкесі өтуде
Толығырақ...