ШҰҒЫЛ! Есірткі шегіп, көлік жүргізген жүргізуші ұсталды (ВИДЕО) Толығырақ

Археологиялық зерттеулер жүргізілуде

21:42, 20 маусым 2022

Археологиялық зерттеулер жүргізілуде

 Савромат-сармат дәуірінің қорымында археологиялық зерттеулер жүзеге асырылуда. №3, 4, 5-ші қорғандар Қызылқоға ауданы, Миялы ауылынан солтүстікке 6 шақырым қашықтықта орналасқан. Өкінішке қарай,  №3 қорғанның орталық жерлеу орны  тоналған.  Әртүрлі түстегі моншақтар тізбесі, жасөспірім баланың қосалқы жерленуі анықталып, қасында 2 қыш ыдыс қойылған.Сонымен бірге, арнайы темір қанжар қойылған «Кенотаф» анықталды.

№4-ші қорғанның орталық жерлеуі толық тоналған, екі адамның шашылған сүйегі және бірқатар қола жебелер табылды.

Сондай ақ, мұнда  үш қосалқы жерлеу орны ашылды.

Екінші қабірде Жас қыз етбетінен жатқызылып екі алғы қолы бүгілген күйде, жанында қыш ыдысы бар.

 Жауынгердің жерленген қабірінде , Жамбас сүйегінің жоғарғы жағында темір қанжар қойылған. Сол аяғының астыңғы жақ сыртында 20дан аса сабы сақталған қола жебе, тас қайрақ, өрнектелген сүйек, қабан тісінен жасалған бойтұмары бар.

Ал 4 қабірдегі   Әйел адамның қолында қола айна,  біз, екі қолында темір білезік, мойнында шар тәрізді пішіндерден құралған алтын алқа табылды. Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің  ғылыми қызметкерлерімен қоса,  Астана халықаралық унверситетінің PHD докторы Елдос Қариев, Әл-Фараби атындағы Қаз ҰУ-ң докторанты Ерден Оралбай қазба жұмыстарын жүргізу үстінде.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Атырауда қоян-қолтық ұрыс бойынша республикалық турнир өтті (ВИДЕО)
21:39, 15 тамыз 2022
Атырауда қоян-қолтық ұрыс бойынша республикалық турнир өтті...
Толығырақ...
Нан қалдықтарына арналған контейнер (ВИДЕО)
21:31, 15 тамыз 2022
Нан қалдықтарына арналған контейнер (ВИДЕО)
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Білім грант иегерлерінің тізімі жарияланды (Жуктеу)
17:10, 10 тамыз 2022
Білім грант иегерлерінің тізімі жарияланды (Жуктеу)
Толығырақ...