
Аманкелді Шамғонов 80 жасқа толды
ҚР Білім беру ісінің үздігі, профессор, Қазақстанның үздік өлкетанушысы, тарих және қоғамдық ғылымдар академиясының академигі Аманкелді Шамғонов 80 жасқа толды. Мерейтой иесінің құрметіне Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде кеңейтілген ғылыми кеңес өтті. Іс-шарада туған күн иесіне бірқатар марапат табысталды. Өңір басшысының құттықтауын кездесуге арнайы келген Атырау облысы әкімінің орынбасары Нариман Таушов жеткізді.