
Алға ауылында Жайық жағасын бекіту жұмыстары басталады
Жаңа балабақшаның қажеттілігі, жедел жәрдем көлігінің жайы, электр желісі Махамбет ауданы Алға ауылдық округі халқын толғандырады. Аудан әкімінің есеп беру жиынында тұрғындардың ұсыныстарымен қоса Жайық жағасын бекіту жұмыстары да назардан тыс қалмады. Айта кетейік, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында аудан әкімдері тоқсан сайын ауылдық округ тұрғындарымен кездесуге міндеттелген болатын.