
Айыппұл арқалады
Мектеп бітіру кешінде жол ережелерін бірнеше мәрте бұзған жүргізушіге 229 725 теңге айыппұл салынды.Оқиға Әбілқайырхан - Р.Габдиев көше қиылысы тұсында орын алған. Жүргізуші қауіпсіздік белдігін тақпаған күйде қарсы бағытпен және маневр ережесін бұзып, сондай- ақ артпен қозғалыс жасап, қозғалыс кезінде жолаушысы көлік құралының терезесінен басын шығарып келе жатқан. Оның бұл әрекеті бейнебақылау камераларына түсіп қалып, Атырау қаласы полиция басқармасының жедел басқару орталығының қызметкерлері аталған Nissan Altima автокөлігін байқап, жақын маңдағы патрульдік полиция қызметкерлеріне бағыттама берген. Патрульдік полиция қызметкерлері Әбілқайырхан даңғылы тұсында аталған автокөлікті тоқтатып, тексеру кезінде автокөліктің мектеп бітіру кешінде кортежде жүргендігін анықтайды. Автокөлік арнаулы тұраққа қойылып, заңбұзушы азаматтың үстінен бірнеше бап бойынша хаттама толытырлды.