ШҰҒЫЛ! NUR SUNQAR СЫЙЛЫҒЫ ATYRAY ТЕЛЕАРНАСЫНДА Толығырақ

9 СУБҰРҚАҚ ЖӨНДЕУДЕН ӨТЕДІ

16:25, 4 мамыр 2021

9 СУБҰРҚАҚ ЖӨНДЕУДЕН ӨТЕДІ

Шаһардағы 9 субұрқақ  күрделі жөндеуден өтеді. Негізінен, қалалық құрылыс бөлімі 2018 жылы «Атырау қаласында 9 субұрқақ құрылысы» жобасын жасақтаған болатын.  Нәтижесінде жобаны жүзеге асыру үшін 1 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді. Оған мердігер мекеме танылып, 2019 жылғы 23 мамырда құрылыс жұмыстарының шарттары жасақталған еді. Әйткенмен, 2020 жылдың мамырында жауапты құрылыс компаниясын сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бюджет қаражатын жымқыру фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталған. Сол себепті құрылыс жұмыстары тоқтатылған-ды. Енді, биыл қайтадан құрылысты жалғастыру үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленбек.  Мердігер мекеме конкурс ұйымдастыру арқылы анықталады. Субұрқақтарды қайта жаңарту жұмыстары жоба құнының игерілмеген сомасына жасалмақ.

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар