
6500-ден астам адам жұмыспен қамтылды
Атырауда жыл басынан бері 6 500-ден астам адам жұмыспен қамтылды. Бұл туралы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы айтты. Азамат Мәмбетовтың сөзінше «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі» ұлттық жоба шеңберінде 23 адам алғашқы жұмысқа жіберілсе, 44 кәсіп бастаушы қайтарымсыз грантқа ие болған. Ал 157 адам қысқа мерзімді онлайн оқуға қатысты. Сондай-ақ, 135 студент жастар тәжірибесіне, 355 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілген. Айта кетейік, қазір жұмыспен қамту орталығының қызметтерін қашықтан пайдалануға болады. Осы мақсатта www.enbek.kz электронды еңбек биржасы мемлекеттік ақпараттық порталы жұмыс істеуде.