
5 МЛН ТЕҢГЕГЕ ЖУЫҚ АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙДІ
"Атырау жылу электр орталығы" акционерлік қоғамы 5 млн теңгеге жуық айыппұл төлеуі мүмкін. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті хабарлады. Мекемеге авангард 3 ықшам ауданындағы № 6 үй тұрғындарынан арыз түскен. Кейін "Атырау жылу электр орталығының" баспана иелерімен 2009 жылдан бері ескі келісім шартқа сәйкес жұмыс жасағаны анықталды. Жоспардан тыс тексерістен кейін департамент заңбұзушыларға қатысты әкімшілік іс қозғап, Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 164-бабы 4-бөлігіне сәйкес хаттама толтырған. Материал Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды. "Сот шешімі Департаменттің пайдасына шығарылса, «Атырау жылу электр орталығы» АҚ-ы 1 600 айлық есептік көрсеткіш, яғни 4 667 200 теңге көлемінде айыппұл төлейді.