ШҰҒЫЛ! Эпиджағдай нашарлап барады Толығырақ

3 жылдық бюджетке арналған заң жобасы мәжіліске қайта жолданды

20:06, 18 қараша 2021

3 жылдық бюджетке арналған заң жобасы мәжіліске қайта жолданды

Алдағы 3 жылға арналған ел қазынасына қатысты құжат Мәжіліске кері қайтарылды. Сенаторлар заң жобасындағы халықты сумен қамту, газбен жабдықтау және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жаңғыртуға қаржыны көбірек бөлу керек деп шешті. Бірақ, жалпы алғанда төменгі палатаның бюджетке қатысту түзетулерімен келісіп отыр. Сондай-ақ депутаттар Ұлттық қордың қазіргі жағдайына баға берді. Яғни, ондағы қаражат ұлттық ауқымдағы дағдарысқа қарсы шараларға, әлеуметтік және стратегиялық жобаларға ғана жұмсалуы керек деп санайды. Әйтпесе, қордың компаниялардан түсім жинаудан гөрі, ел экономикасын тұрақтандыру қызметі қарқын алып отыр. Айта кету керек, бұл жолы да әлеуметтік салаға 3 жылдық республикалық бюджеттің едәуір бөлігі бөлінді. 26,7 трлн теңге. Бұл әлеуметтік төлемдер мен қамсыздандыруға бағытталады. Енді Үкімет үшін сынақ мерзімі жеткелі тұр. Себебі, экономиканың дамуын арттырып, көлеңкелі секторды азайту арқылы бюджетт кірісін 35 пайызға өсіруді көздеп отыр.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Беларусь аяқ киімдерінің жәрмеңкесі өтуде
22:36, 21 қаңтар 2022
Беларусь аяқ киімдерінің жәрмеңкесі өтуде
Толығырақ...