ШҰҒЫЛ! NUR SUNQAR СЫЙЛЫҒЫ ATYRAY ТЕЛЕАРНАСЫНДА Толығырақ

№2 ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНА НАУҚАСТАРДЫ ҚАЙТА ҚАБЫЛДАЙ БАСТАДЫ

20:03, 8 сәуір 2021

№2 ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНА НАУҚАСТАРДЫ ҚАЙТА ҚАБЫЛДАЙ БАСТАДЫ

Облыстық №2 аурухананың жұқпалы аурулар стационары індеттің өршуіне байланысты науқастарды қабылдауды қайта бастады», деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 
8 сәуір күнгі мәлімет бойынша,  200 орынға есептелген модульдік жұқпалы аурулар ауруханасында таңертең 190 науқас болған. Түсте тағы да пациенттермен толықты. Бүгінде аталған ауруханада 17 адам жансақтау бөлімінде жатыр, олардың алтауы өкпені жасанды желдету аппараттарына қосылған, олардың жағдайы өте ауыр деп бағаланды. Қалған науқастардың жағдайы орташа ауыр. №2 Облыстық аурухананың бас дәрігері Мағжан Сиджановтың айтуынша, инфекциялық стационарға 11 науқас жатқызылған. Аурухана барлығы 180 төсек-орынға есептелген, оның ішінде 120 орын коронавирустық инфекциясы бар науқастар үшін дайындалған.


 

 

Тақырып бойынша материалдар

 МАХАМБЕТТЕ ХАЛЫҚ АСПАПТАР ОРКЕСТРІ ҚҰРЫЛДЫ
20:04, 16 сәуір 2021
МАХАМБЕТТЕ ХАЛЫҚ АСПАПТАР ОРКЕСТРІ ҚҰРЫЛДЫ
Толығырақ...
ЕЛІМІЗДЕ 2021 ЖЫЛЫ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ДЕҢГЕЙІ 4,9 ПРОЦЕНТ БОЛУЫ МҮМКІН
20:03, 16 сәуір 2021
ЕЛІМІЗДЕ 2021 ЖЫЛЫ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ДЕҢГЕЙІ 4,9 ПРОЦЕНТ БОЛУЫ МҮМ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар