
18 тонна балық тәркіленді
"Бекіре" - акциясы аясында заңсыз айналымнан 18 тоннадан астам балық тәркіленді. Бұл бір айдың көрсеткіші. Табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 901 дерегі анықталып, 675 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
41 материал сотқа жолданып, 39 тұлғаның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар, Жайық-Каспий бассейнінен жалпы ұзындығы 1 650 шақырымға жуықтайтын 116 дана ау-құралы заңсыз пайдаланудан алынды .