ШҰҒЫЛ! Атырау Облысында 730 инфекциялық төсек-орын босады Толығырақ

111 миллион теңге жымқырылды

20:05, 14 қазан 2021

111 миллион теңге жымқырылды

Атырау облыстық Білім басқармасы басшысының экс-орынбасары 7 жылға сотталды. Ол 2015 жылдан 2020 жылға дейін өзінің қызметтік лауазымын пайдаланып, серіктесімен бірге бюджеттің 111 млн теңгесін жымқырды. Қаржының 54 млн теңгесін өзі алып, қалғанын серіктесі иеленген. Олар қылмысты өздеріне жалақыны заңсыз есептеу арқылы жасаған. Шенеунік ақшаны өзінің банк картасына, сондай-ақ анасының картасына аударған. Сот тергеуі кезінде шенеунік өз кінәсін мойындап, өкінген. Ол жымқырған қаржыны толық қайтарған. Сот үкім шығару кезінде сотталушының кәмелетке толмаған балалары барын ескерген. Шенеунік кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды. Оған өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынды.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Жазушы Рақымжан Отарбаевтың туғанына 65 жыл
20:13, 19 қазан 2021
Жазушы Рақымжан Отарбаевтың туғанына 65 жыл
Толығырақ...