ШҰҒЫЛ! Референдум - 2022 Толығырақ

10 қаңтар – Жалпыұлттық аза тұту күні

13:02, 9 қаңтар 2022

10 қаңтар – Жалпыұлттық аза тұту күні

10 қаңтар, яғни дүйсенбі – Қазақстанда Жалпыұлттық аза тұту күні. 08.01.2022 күні  Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осындай Жарлыққа қол қойды. Елде тәртіпсіздіктердің басталғанына бүгін тура жеті күн. Осы уақытта лаңкестердің қолынан қарапайым қазақстандықтар да, құқық қорғау қызметкерлері де қаза тапты. Олардың нақты саны әлі белгісіз. Тәртіп бойынша Жалпыұлттық аза тұту күні мемлекеттік органдар мен жергілікті әкімдіктердің, шекаралық дипломатиялық мекемелердің ғимаратындағы мемлекеттік ту төмен түсіріледі. Ойын-сауықтық шаралар мен осы мазмұндағы телебағдарламалар тоқтатылады. Тәуелсіздік алған 1991 жылдан бері Қазақстанда аза тұту күні осымен 11-ші рет жарияланып отыр. Ал бұл қазақстандықтар үшін соңғы екі жылдағы төртінші қаралы күн. Осы категория бойынша: « Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына үндеуі.

Тақырып бойынша материалдар

«Жасыл ел» еңбек жасағына 138 млн теңге бөлінді
21:31, 20 мамыр 2022
«Жасыл ел» еңбек жасағына 138 млн теңге бөлінді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

21:48, 17 мамыр 2022
Жерлестері Хиуаздың 100 жылдығын атап өтті
Толығырақ...