Шаһарда қазақтың бір туар ақын қызы Фариза Оңғарсынованың туғанына 85 жыл толуына орай поэтикалық кеш өтті. «Фариза және ақын сіңілілері» атты жыр кешінде ақынның өмір жолымен шығармашылығына негізделген бейнеролик көрсетілді. Тағылымды шараға ақын-жазушылар, бір арнада біте қайнасқан замандастары қонақ болды.