Жастарды тал бесіктен тәрбиелеп, бойларына біліммен қоса ұлттық өнер мен мәдениетті сіңіру - аса маңызды. Сондықтан, осы жолда еңбек сіңіріп жүрген әр аймақтағы өнер мектептерінің қоғамда алар орны алабөтен. Сондай рухани ошақтардың бірі - Индер аудандық балалар өнер мектебіне биыл 50 жыл.