"Жомарт жан" орталығы 8 айдың ішінде 20 млн қаражатқа өңір тұрғындарына көмек көрсеткен. Бұл туралы Достық үйінде өткен отырыста айтылды. Аталған орталық төрағасы Андрей Короблев мұндай шаралар Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылғанына тоқталды. Және оған этно-бірлестік құрамындағы меценаттардың ат салысуы белсенді екенін атап өтті. Жиналғандар осыған дейінгі атқарылған жұмыстарға есеп беріп, болашақта жүзеге асыратын жобалаларға жоспар құрды. Сонымен қоса, қайырымдылық шаралары әлі де арнайы бағыттар бойынша жалғасатындығын айтты. Бұл бастама республика бойынша жүзеге асуда. Өңір бойынша оның құрамында Ассамблея жастары мен кәсіпкерлік ассоциясының, Ақсақалдар мен Аналар кеңестерінің мүшелері бар. Олар өздерінде тексерілген көмек қолы керек арнайы тізім бар екендігін, сол бағыт бойынша қолдау көрсететіндігін айтады. Әсіресе. су тасқыны кезінде орталық мүшелері белсенді еңбек еткен. Зардап шеккен аймақтарға азық-түлік, құрал-саймандар мен киім-кешектер жеткізген.