ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жұмыс сапары аясында Атырау университеттері ұжымымен кездесті. Жиналыста министр университет инфрақұрылымын дамытудың, жоғары білімге қолжетімділікті кеңейтудің, халықаралық университеттердің жаңа филиалдарын құрудың маңыздылығын атап өтті. Өткен жылы Атырауда оқу орындарының 4 филиалы ашылды, ал 2023 жылы тағы 5 филиалы құрылады. Сондай-ақ, министр ғылыми қызметкерлердің жалақысының ұлғайтып, қызметті қаржыландыру, студенттер мен магистранттар стипендиясын кезең-кезеңімен ұлғайту, студенттік жатақханаларда жаңа орындардың енгізілуі туралы айтты. Министр Саясат Нұрбек бұл жұмыстардың барлығы 2029 жылға дейін жүзеге асыру жоспарланып отырғандығын айтты.