Облыста қызыл кітапқа енген бекіре тұқымдас балықтарды аулап сатқаны үшін бірнеше жылға қамалған сотталушылардың әйелдері бас көтерді. Үкіммен келіспеген олар күйеулерінің жазасын жеңілдетуді, әрі мемлекетке өтеуі тиіс залал мөлшерін азайтуды талап етіп отыр. Айтуларынша, кемі 300 миллион теңге болатын мемлекеттік залалды қайтаруға ешқайсының мүмкіндігі жоқ. Онсыз да бала- шағамызды әрең асырап отырғанда қыруар қаржыны қайдан табамыз дейді күйінген келіншектер. Сондықтан, олар Жоғарғы соттың бұл мәселеге назар аударғанын сұрайды.