Облыс прокурорының төреғалығымен қылмыстық құқық бұзушылықтар профилактикасы және қылмыстық процестің үш буынды моделінің жүзеге асырылуы бойынша Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Мұнда ағымдағы жылдың 10 айында жалпы қылмыс 6%-ға өсуімен сипатталатыны, оның ішінде адам өлтіруге оқталу 100 пайыз , ұрлық 28 пайыз, жол көлік оқиғалары 11 пайыз , денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру 11 пайызға өскені айтылды. Жиында қылмыстардың жасалуы және оның алдын-алу жолдары талқыланды. Сондай-ақ қадағалау органның басшысы профилактикаға жауапты мемлекеттік органдар өз құзыреті шеңберінде тиісті жұмстарды жүргізіп, өңірімізде қылмысты болдырмау шараларын күшейту қажеттілігін де айтты. "Отырыс қорытындысында "Ата Заңымызға сәйкес еліміздің ең қымбат қазынасы ол адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Әркімнің өмір сүруге құқығы бар, ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ"- деді облыс прокуроры Бауыржан Жұмақанов.