Сайлау науқаны кезінде облыста 9 қоғамдық штаб пен 260 сенімді өкіл қызмет етті. Бұл туралы "Аманат" партиясында өткен саяси науқанның қортындысы бойынша брифингте жарияланды. Үгіт-насихат жұмыстарына жалпы 257 ерікті қатысты. 2 044 іс-шара ұйымдастырылды. Бұқаралық ақпарат құралдарында 112 материал, әлеуметтік желілерде 69 мың мақала жаияланған. Қала, аудандарда баннерлер үшін 41 орын белгіленген. Сонымен қатар науқан барысында қоғамдық қабылдау үздіксіз жұмыс істеді. Нәтижесінде 1 ай көлемінде 2 127 өтініштер мен ұсыныстар келіп түскен. Айта кетейік, аталған іс - шараларға ешқандай қаражат жұмсалмаған.