Атырауда алпауыт мұнай компанияларының күзетшілері бас көтерді. Таңнан бері жұмыстарын тоқтатқан олар ақыны 70 пайызға дейін өсіруді талап етеді. Олардың айтуынша, қыспаққа алған заманда төлейтін еңбекақылары мардымсыз. Бір айда алатын ақы отбасын асырамақ түгілі, күнкөріске де жетпейді дейді, жиналғандар. Ал мекеме басшысы осыдан 4 ай бұрын жалақыларыңды 50 пайызға көтеремін деген, бірақ, келісім тек сөз жүзінде қалыпты.