ШҰҒЫЛ! Атырау Облысында 730 инфекциялық төсек-орын босады Толығырақ

Орынгүл Махмуд

Орынгүл Махмуд - «Jańalyq qyzmetı»  шеф-редакторы

 Орынгүл Төремұратқызы – 02.08.1994 ж. Атырау облысы, Исатай ауданы, Жанбай ауылында туған.

2001-2012 ж.ж. - Жанбай ауылындағы Х.Нәубетов орта мектебінің үздік аттестат иегері;

2012-2016 ж.ж. - Нұр-Сұлтан қаласындағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің журналистика және саясаттану факультетінің қызыл диплом иегері, журналист.

2018-2019 ж.ж. - Павлодар қаласындағы Еуразия Инновациялық Университетінің құқықтану магистрі.

2018 жылдан бері Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі.

          Бала кезінен ән айтып, әрі, қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша түрлі республикалық, халықаралық байқаулардың лауреаты болды. Республикалық 12-Абай оқуларының, облыстық Мұқағали оқуларының жеңімпазы. Журналист ретінде қызмет жолын алғаш Нұр-Сұлтан қаласында бастады: республикалық басылымдарда редактор, шеф-редактор, бас редактор болды. Кейін, отбасылық жағдайына байланысты Атырауға келіп, республикалық «Ұстаздық еңбек» газетінде үш жыл бойы бас редактор қызметін атқарды.

«Қазақстан» РТРК АҚ Атырау облыстық филиалына қызметке келгелі «Журналистік зерттеу», «Өзекті мәселе», «Алтын көпір» сынды  қоғамдық-саяси бағдарламаларды тізгіндеді. Облыстағы түрлі түйткілді мәселенің түйінін табуға жәрдемдесті.

2021 жылы өзі бір жарым жыл уақыт бойы тізгіндеген «Журналистік зерттеу» бағдарламасымен республикалық «Ең үздік журналистік зерттеу» байқауында Гран-При иеленді.

2021 жылы Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Әр бала мектепке лайықты» атты республикалық байқауда үздік телевизиялық жұмыс аталымын иеленді. Жаны жайсаң жандардың жақсылыққа толы ісін насихаттайтын «Волонтер» бағдарламасын да жүргізді.

2020 жылдан бастап, жаңалық бөліміне  ауысты.

2020 жылдан бері «Атырау» телеарнасының дикторы;

2021 жылғы 13 шілдеден бастап «Жаңалық» бөлімінің шеф-редакторы.