ШҰҒЫЛ! Жұмыссыздық деңгейі төмендеген Толығырақ

Гүлвира Бекқұлиева

 

 

 Гүлвира Бекқұлиева - «Қазақстан» РТРК» АҚ Атырау облыстық филиалының директоры

Гүлвира Бекқұлиева - 1981 жылы дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетінің түлегі. Телевизия саласында 19 жылдан бері қызмет етіп келеді.

Еңбек жолын 2004 жылы редактор болып бастаған. «Қазақстан» телерадиокорпорациясында 2016 жылдан бері еңбек етіп келеді. Жаңалықтар бөлімінде тілші, редактор қызметтерін атқарды. «Qazaqstan» телеарнасының эфиріндегі қоғамдық-саяси жобалардың продюсері әрі авторы.  

«Жетекшілікке телевизияның барлық сатысынан өткен журналистерді, оның ішінде Корпорацияда ұзақ жылдар бойы қызмет етіп келе жатқан мамандарды тағайындауға басымдық беріп келеміз. Бұл – алғашқы тәжірибе емес. Ішкі өндірістің қыр-сырын білетін, шығармашыл мамандарымызға аймақтық телеарналардың әлеуетін көтеру міндеті қойылып отыр», - деді Басқарма төрайымы  Ләззат Танысбай.