ШҰҒЫЛ! NUR SUNQAR СЫЙЛЫҒЫ ATYRAY ТЕЛЕАРНАСЫНДА Толығырақ

Гүлназ Кәрімжанқызы

Гүлназ Кәрімжанқызы - «Қазақстан» РТРК» АҚ А­тырау облыстық филиалының продюсері 

1985 жылы 5 қарашада Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы ауылында дүниеге келді.

2008 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «журналистика» мамандығы бойынша бітірді.

2010-2012 жылы «Шетелдегі қазақтардың өмірі және қандастар ғұмырының отандық БАҚ-ғы, әдеби шығармалардағы  көрінісі»   тақырыбында диссертация қорғады, филология ғылымдарының магистрі. 

Қызмет жолын 2005 жылы «СТВ» республикалық телеарнасының АОФ-ында тілші қызметінен бастаған.

2005-2009 жылдар аралығында осы телеарнада редактор-сарапшы,  тематика бөлімінің шеф-редакторы, бас редактор қызметін атқарды.

«Апта тынысы» ақпараттық-сараптамалық бағдарламасын тізгіндеп, «Жастар дауысы», «Заман және уақыт», «Өндірісті өлке» авторлық жобаларын жүргізді.

2009-2010 жылы Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің оқытушысы қызметін атқарды.

2010 жылы «Асыл арна» телеарнасының Атырау облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.

2011 жылы - «Қазақстан» РТРК» АҚ А­тырау облыстық филиалының редакторы қызметін атқарды.

 Телеарна эфирінен бірнеше хабарлары берілді. «Жеті муза», ҚР егемендігінің 20 жылдығына арналған «Тәуелсіздік таңы», «Қалаулы кәсіп», экономикалық бағыттағы «Инновация иірімдері», «Өндірісті өңір», «Бизнес-лайф», «Басты бағдар», «Табыс сыры» бағдарламаларының авторы. Әр жылдары «Шаңырақ», «Бірлігіміз жарасқан», «Репортер», «Алтыншы аймақ», «Заңгер кеңесі» құқық хабарын жүргізді. Бірнеше деректі фильмді дайындады. Олардың қатарында өлкенің ауыл шаруашылығының қанат жаюы туралы «Қойнауы құт - Атырау»,  Атыраудың 380 жылдығына орай «Теңіз табанының тарихы», ҚР тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Ордалы отыз» деректі фильмдері эфирге берілді.

 2018 жылы «Қандастар» авторлық жобасын ашып, жергілікті демеушілердің көмегімен шетелге іс-сапар ұйымдастырды. Ең алдымен Түркияға (2018 жыл), кейін Татарстан (2019 жыл), Моңғолия (2019 жыл), Өзбекстан (2019жыл), Анталия қаласы (2020 жыл), Мысыр (2021 жыл)  елдеріне сапарлап, жат жерде жырақта жүрген қандастардың тұрмыс ғұрпын таспалап, ел назарына ұсынды. 

2021 жылдан бастап Қазақстан» РТРК» АҚ А­тырау облыстық филиалының продюсері қызметіне ауысты. 

2017 жылы Теңізшевройлдың 25 жылдығына арналған республикалық журналистер байқауында - бас жүлдені иеленді.

2019 жылы – ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің республикалық БАҚ арасында жариялаған конкурста «Ең үздік телевизиялық материал» номинациясы бойынша 1 орынды қанжығасына байлады.

2019 жылы Қазақстан журналистер одағы сыйлығының иегері атанды.

         Әр жылдары БАҚ өкілдері арасында ұйымдастырылған «Білім-Инновация лицейінің құрылғанына 25 жыл» (2018 жыл), «Мемлекеттік тіл және БАҚ», «Латынға көшу. Өркениетті қадам» (2019 жыл), ««Журналистер шығармашылығындағы дін мәселесінің зерттелуі»(2020 жыл),  тақырыбындағы облыстық байқаулардың «Ең үздік телевизиялық материал» номинациясы бойынша 1 орын иегері.

2020 жылы өткен «Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» халықаралық конкурсының жүлдегері.

2021  жылғы Тауман Амандосов атындағы облыс әкімі сыйлығының иегері.

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі. Бірнеше әңгімелері, өлеңдері  «АРМАНТАУ» Атырау жас таланттарының антологиясына енгізілді.

Стамбул, Астана, Алматы, Атырау қалаларында өткен бірнеше оқу-семинарына қатысып, сертификат иеленді.