Лаура Бекжiгiт - «Jańalyq qyzmetı» шеф-редакторы
Білім алған оқу орындары:
Еуразия Ұлттық Университеті, Астана
1999 – 2004 (жоғары білім)
- «Халықаралық журналист» мамандығы бойынша үздік дипломмен бітірді. Ақселеу Сейдімбек, Қуандық Шамақайұлы, Сембай Қисымовтардың дәрісін тыңдап, тәлімін алған.
Еуразия Ұлттық Университеті, Астана
2004 – 2006 (магистратура)
- Журналистика магистрі біліктілігі мен академиялық дәрежесі берілді. Ғылыми жобаның тақырыбы: /Байырғы мерзімді басылымдар - мәдени мұра. ХХ ғасырдың басындағы БАҚ материалдары негізінде./
Жұмыс тәжірибесі:
10.10.2003-02.08.2004
«Эра» телеарнасы» /Астана/
- Жаңалықтар бөлімінде тілші қызметін атқарды;
- «Заң және қоғам» бағдарламасының авторы әрі жүргізушісі. 20 минуттық бағдарламада құқық қорғау органдарының халық алдындағы қызметі мен міндеттері жайында баяндалды. Сондай-ақ, әшкереленген қылмыстық істер туралы репортаждар жасалынды.
08.10.2004-20.05.2005
«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы /Астана/
- Келісім-шарт негізінде жаңалықтар бөлімінде тілші қызметін атқарды.
23.05.2005-24.06.2012
«Хабар» Агенттігі» /Астана/
- «Бетпе-бет» бағдарламасының редакторы.
Күнделікті әлеуметтік мәселелерге қатысты интервьюерлерден сұқбат алумен қатар, сараптамалық материалдарды дайындады.
- Жаңалықтар бөлімінің әкімшілігі қызметін атқарды.
14.05.2012 -02.07.2014
«Қазақстан-Петропавл» телеарнасы /Петропавл/
- «Тікелей эфирде» бағдарламасының жүргізушісі.
Қоғамдағы түрлі әлеуметтік топтардың өзекті де өткір мәселелеріне арналған тікелей эфир. «Тікелей эфирде» - атқарушы орган мен облыс тұрғындары арасындағы жанды көпір болды. Бағдарлама көрермендерге көгілдір экрандағы тікелей жүздесу арқылы өздерін толғандыратын сауалдарға бірден жауап алып, ұсыныс-тілектерін білдіруге мүмкіндік берді.
- Жаңалықтар редакциясында тілші қызметін атқарды.
01.12.2014-01.01.2016 «Жетінші арна»
- «Күнбастар» ақпараттық-танымдық, көңіл сергітетін таңғы бағдарлама. «Таңғы тәбет», «Түрлі, түрлі», «Құтты қонақ» айдарының редакторы.