ШҰҒЫЛ! NUR SUNQAR СЫЙЛЫҒЫ ATYRAY ТЕЛЕАРНАСЫНДА Толығырақ

Айнагүл Қонысқалиқызы

Айнагүл Қонысқалиқызы -Тақырыптық хабар қызметі шеф-редакторы

 1986 жылы 24 желтоқсанда Атырау қаласында дүниеге келді.

2004 жылы Д.Байбосынов атындағы ұлттық мектеп-гимназиясын,

2008 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетін журналистика-бакалавр мамандығы бойынша үздік аяқтады.

Өндірістік оқу іс-тәжірибесінен өте жүріп, 2006 жылы жүргізуші-редактор қызметіне қабылданды.

Тікелей эфирдегі «Таң» ақпаратты-сазды, танымдық бағдарламасы мен тақырыптық «Жауқазын», «Айнамкөз» хабарларын жүргізді. «Қызым, саған айтам...», «Онлайн-емхана» секілді әлеуметтік ток-шоулар мен медициналық эксперимент жобалар дайындады. Сондай-ақ, мерекелік тележобалар, телекөпірлер ұйымдастырды.

ҚР Қорғаныс министрлігі ұйымдастырған «Әскер Медиа-2017» республикалық байқауында «Үздік телевизиялық бағдарлама» аталымы жеңімпазы.

2018 жылы «TUMAR» ұлттық телевизия байқауында «Соңғы сапар» арнайы репортажы номинант атанды.

2019 жылы Қазақстан журналистер одағы сыйлығының иегері.

2020 жылы телеарна продюсері қызметіне ауысты.

2021 жылдың  1-ақпанынан бастап тақырыптық хабарлар бөлімінің шеф-редакторы қызметін атқарады.