ШҰҒЫЛ! Атыраулықтар арзан өнімге қол жеткізді (ВИДЕО) Толығырақ
background

"Жұлдыз" талантты студенттер байқауы

Жұлдыз

Жұлдыз

20:42, 22 шілде 2017
Жұлдыз

Жұлдыз

20:00, 15 шілде 2017
Жұлдыз

Жұлдыз

17:37, 8 шілде 2017
Жұлдыз

Жұлдыз

14:09, 29 маусым 2017
Жұлдыз

Жұлдыз

21:49, 24 маусым 2017
Жұлдыз

Жұлдыз

15:52, 22 маусым 2017
Жұлдыз

Жұлдыз

00:24, 17 маусым 2017
Жұлдыз

Жұлдыз

19:06, 15 маусым 2017
Жұлдыз

Жұлдыз

23:50, 8 маусым 2017
Жұлдыз

Жұлдыз

17:01, 3 маусым 2017
Жұлдыз

Жұлдыз

22:19, 1 маусым 2017
Жұлдыз

Жұлдыз

16:14, 27 мамыр 2017

              «Жұлдыз» талантты студенттер байқауының

                                              Е Р Е Ж Е С І

Қатысушыға қойылатын талаптар:

-Қатысушылардың жасына шек қойылмайды.

-Қатысушы Атырау облысының аумағында орналасқан жоғарғы немесе орта кәсіптік оқу орындарының студенті болуы тиіс.

Байқау негізгі екі сатыдан тұрады:

Бірінші саты – іріктеу кезеңі. Бірінші аптада, бір күнде өтеді.

 Жалпыға арналған кастинг (11.05.17)

Бұл кезеңге кез-келген студент қатыса алады. Қатысушылар санына шектеу жоқ. Осы кастинг арқылы екінші сатыға қатысатын 20 студент іріктеледі.

Екінші саты - байқау кезеңі. 6 аптаға созылады. Қатысатындар алғашқы кастингтен өткен 20 үміткер. Әр аптада бір сынақ болып тұрады.

Бірінші сайыс: Ауылдағы сынақ (16.05.17)

Екінші сайыс: Білім сынағы (23.05.17)

Үшінші сайыс: Өнер сайысы (Би, актерлік шеберлік сайысы) (30.05.17)

Төртінші сайыс: Өз өнерін көрсету сынағы (қолөнер) (05.06.17)

Бесінші сайыс: Әдебиет сынағы (сұрақтар, мәнерлеп оқу) (12.06.17)

-Алтыншы  сайыс- Ән сайысы (финал) (21.06.17)

Әр кезең сайын ең төмен ұпай жинаған екі  2 қатысушы жарыстан шығып қалып отырады. 

Атауы

Қатысушылар саны

Ауылдағы сынақ

20

Білім сынағы

18

Өнер сайысы

16

Өз өнерін көрсету

14

Әдебиет сынағы

12

Финал

10

 

Жеңімпаздарды анықтау үш әдіс бойынша өтеді:

  • Қазылар алқасының берген ұпайы;
  • Залдағы көрермен даусы;
  • www.atyrautv.kz сайты арқылы дауыс беру;

 

 

Қазылар алқасы:

Қазылар алқасы 5 адамнан тұрады. Оның 4-уі тұрақты қазылар, 1 адам ауыспалы қазы. Ол орынға сайыс түріне қатысты маман шақырылып отыратын болады.

Тұрақты қазылар

Ауыспалы қазылар

Телеарна өкілі

Сайыс түріне байланысты маман:Әнші ,биші, күйші, әртіс т  б

Қалалық мәслихаттың өкілі

 

Қалалық мәдениет ж\е тілдерді дамыту басқармасының өкілі

 

Облыстық білім беру басқармасының өкілі

 

 

 

 

 

 

 

 

Байқау әлеуметтік болып табылады және коммерциялық мақсат ұстанбайды.

Іріктеу кезеңі:

                                               Ш А Р Т Т А Р Ы

                                                    11.05.17

Іріктеудің өту тәртібі:

-09:00-10:00 Тіркелу

-10:00-10:30 Сауалнама толтыру

-10:30-11:00 Реттік нөмір беру

-11:00-13:00 Бірінші кезең тыңдалымы

-13:00-15:00 Екінші кезең тыңдалымы

-16:00 Нәтижені жариялау

Іріктеуге қатысудың алгоритмі

1-қадам

Іріктеуге  қатысу үшін іріктеу өтетін жерде сауланаманы толтыру қажет.

2-қадам

Сауалнаманы толтырып болғаннан кейін Сіз өзіңізге тиесілі реттік нөмірді аласыз.

 

3-қадам

І-ТУР

Жоба қазылары қатысушыларға қазақ әдебиеті мен тарихынан сұрақтар қою арқылы қатысушылардың білім деңгейін тексереді. Сауалдарға тұшымды жауап бере алмаған үміткер байқаумен қош айтысады.

 

ІІ-ТУР

Бірінші кезеңнен өткен студент екінші кезеңде өз өнерін көрсетіп әділ-қазылар алқасын тәнті етуі керек.

4-қадам

II- ші кезеңнен кейін қазылар алқасы«Жұлдыз» талантты студенттер байқауына жолдама алған қатысушыларды  анықтайды.

 Күнделіктердің телевизиялық түсірілімі

1. Кастинг аяқталғаннан кейін байқауға қатысатын барлық Қатысушылар телевизиялық түсірілімдеріне шақырту алады.

2. Телевизиялық түсірілім тележүргізушінің сөз сөйлеуімен ашылып, қатысушылардың бір күні бойы немен айналысқандары туралы баяндайды.(Ұйымдастырушының келісімімен)

 

 Байқау кезеңі:                              

Ш А Р Т Т А Р Ы

   І-сайыс

16.05.17

Бұл кезең Дамбы селолық округінде орналасқан «Құлагер» шаруа қожалығында өтеді. Бұл бөлімде қыздар мен жігіттер ауыл тірлігі мен салт-дәстүрлерімізді қаншалықты бойына сіңіргендігін іспен дәлелдейді.

Ұлдар сайысы:                                                 Қыздар сайысы:

* Ат әбзелдерін сайлау;                                   * Бауырсақ пісіру;

* Отын шабу;                                                    * Ұршық иіру;

* Сұрақ-жауап                                                  * Сұрақ-жауап

Сайыс қазылары қатысушыларды 1- 10 ұпай аралығында бағалайды. Бұл ұпай сандары сайыскердің қоржынында қалады.

ІІ–сайыс

23.05.17

І-ТУР

Алғашқы кезеңде қазылар алқасы қатысушыларға ғылымның кез-келген саласынан сұрақтар қояды. Сонымен қатар, қазақ тілі мен мақал-мәтелдерді білуі бағаланады.

ІІ-ТУР

Бұл кезеңде қатысушы ЛЕД экранда көрсетілген салт-дәстүрді жалғастырып айтып кетуі тиіс.

Сайыс қазылары қатысушыларды 1- 10 ұпай аралығында бағалайды. Бұл ұпай сандары сайыскердің қоржынында қалады. Сайыс соңында қазылар алқасы қатысушыларға келесі кезеңде орындайтын тапсырмаларын бөліп береді. 4-ші кезең екі бөлімнен:

-Би сайысы;

-Әртістік шеберлік сайысынан тұрады.

 

IІІ- сайыс

І-ТУР

Әр қатысушы өзіне тапсырылған би түрін жоғары деңгейде орындап шығуы керек. Бұл сайыста үміткердің музыка ырғанына сай қимыл-қозғалыс жасауы, би табиғатын түсінуі бағаланады.

ІІ-ТУР

Бұл сынақта қатысушының әртістік шеберлігіне баса назар аударылады. Сахнада өз-өзін ұстауы, берілген рөлді өз нақышында ойнап шығуы, көрерменді әсерге бөлей алуы таразыланады. Сайыс соңында жюрилер келесі кезеңге өз тапсырмаларын береді. Бұл тапсырма- қолөнер бұйымын жасау.

Сайыс қазылары қатысушыларды 1- 10 ұпай аралығында бағалайды. Бұл ұпай сандары сайыскердің қоржынында қалады.

IV -сайыс

І-ТУР

Сайысқа қатысушы үміткерлер қолөнер бұйымдарының жасалу жолын таныстырады.

ІІ-ТУР

Қатысушылар 2-кезеңде өз өнерлерін ортаға салады.

Сайыс қазылары қатысушыларды 1- 10 ұпай аралығында бағалайды. Бұл ұпай сандары сайыскердің қоржынында қалады.

 

V -сайыс

Қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар ақындардың шығармаларын мәнерлеп оқу. Сондай-ақ, тіл-әдебиет саласына қатысты сұрақтар қойылады.

Қойылатын талаптар:

-Тіл тазалығы;

-Дикцияның айшықтығы;

-Өлең мазмұнын түсіне білуі

 

VI -сайыс

Ф И Н А Л

Финалда қазақ эстрадасының қатысуымен гала-концерт өтеді. Соңғы кезеңде әр қатысушы өзі таңдаған әнін орындайды. Бірақ, ән қазақ тілінде болуы шарт. Бұл кезеңде қазылар алқасының берген ұпайлары, алдыңғы кезеңдерге көрермендердің берген ұпайлары мен сайт арқылы дауыс берген халықтың ұпайлары қосылып есептелінеді. Ең көп ұпай жинаған қатысушы Бас жүлдеге ие болады. Бас жүлде- автокөлік!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өзге де бағдарламалар

Назар

Назар

Телепатруль

Телепатруль

Бізбен бірге

Бізбен бірге

Үздік оқушы

Үздік оқушы