ШҰҒЫЛ! "Эталон меха" дүкенінің жәрмеңкесі жалғасуда (ВИДЕО) Толығырақ

Қоржынға екінші алтын түсті

23:27, 23 тамыз 2018

Қоржынға екінші алтын түсті

Индонезияда өтіп жатқан азия ойындарында Қазақстан қоржынына екінші алтын медаль түсті. Оның иесі велошабандоз Алексей Луценко. Ол 150 шақырымдық топтық жарыста мәре сызығын бірінші болып кесіп, Азия ойындарының алтынын тақты. Луценконың уақыт көрсеткіші - 3 сағат 25 минут 25 секунд. Аталған додада екінші орынды жапондық спортшы жеңіп алса, үздік үштіктен Таиланд велошабондозы орын алды. Тасжолдағы топтық жарысқа Луценкодан бөлек  Даниил Фоминых, Жандос Бижігітов және Евгений Гидич қатысты. Өкінішке қарай олар жүлделі орындардан көріне алған жоқ. Әзірге, біздің құраманың еншісінде 2 алтын, 6 күміс, 17 қола бар. Жалпыкомандалық есепте 12 орындамыз.   

Тақырып бойынша материалдар

Банк қызметкерлері арасында волейболдан жарыс өтті (ВИДЕО)
14:32, 30 шілде 2018
Банк қызметкерлері арасында волейболдан жарыс өтті (ВИДЕО)
Толығырақ...
Атыраулық  палуан Үндістаннан жүлдемен оралды (ВИДЕО)
14:44, 24 шілде 2018
Атыраулық палуан Үндістаннан жүлдемен оралды (ВИДЕО)
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар