ШҰҒЫЛ! БРИФИНГ Толығырақ

ЖЫЛЫОЙ АУДАНЫНА ЖАҢА ӘКІМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

17:42, 30 маусым 2020

ЖЫЛЫОЙ АУДАНЫНА ЖАҢА ӘКІМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Атырау облысы Жылыой ауданына жаңа әкім тағайындалды. Өңір басшысы Махамбет Досмұхамбетовтың өкімімен және ҚР Президенті әкімшілігінің келісімімен енді бұл қызметті Халел Жамалов атқарады. Ол 1962 жылы Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласында дүниеге келген. 1985 жылы Алматыдағы В.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын инженер-механик мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1985 жылы Оңтүстік-Ембі мұнай барлау экпедициясында дизелист болып бастаған. 1985 -1999 жылдары бірнеше мекемеде инженер және бас инженер, бас менеджер болған. 2005 жылдың қаңтарынан бері «Горизонт» ЖШС бас менеджері қызметін атқарған. Су жаңа басшыны таныстырған облыс әкімі, Жылыой ауданының бұрынғы әкімі Азамат Бекетке атқарған жұмысы үшін алғысын білдіріп, жаңа әкімнің алдына ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын жақсарту бойынша бірқатар маңызды міндеттер жүктеді. Нақтырақ айтқанда, аймақ басшысы жұмыспен қамту, тұрғын үй, сумен қамтамасыз ету, әлеуметтік нысандар салу және қоғамдық қауіпсіздік мәселелеріне баса назар аударды.

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

"ТЕЛЕДӘРІГЕР" БАҒДАРЛАМАСЫ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТАДЫ
22:54, 8 шілде 2020
"ТЕЛЕДӘРІГЕР" БАҒДАРЛАМАСЫ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЕРІКТІЛЕР ЕЛБАСЫНЫҢ МАРАПАТЫНА ИЕ БОЛДЫ
20:26, 2 шілде 2020
ЕРІКТІЛЕР ЕЛБАСЫНЫҢ МАРАПАТЫНА ИЕ БОЛДЫ
Толығырақ...
КОРОНАВИРУСҚА ШАЛДЫҚҚАНДАР САНЫ  171 АДАМҒА ЖЕТТІ
20:25, 2 шілде 2020
КОРОНАВИРУСҚА ШАЛДЫҚҚАНДАР САНЫ 171 АДАМҒА ЖЕТТІ
Толығырақ...
«АҚТӨБЕ-АТЫРАУ-АСТРАХАН» ТАСЖОЛЫНЫҢ 154 ШАҚЫРЫМЫ ҚОЛДАНЫСҚА БЕРІЛДІ
22:24, 3 шілде 2020
«АҚТӨБЕ-АТЫРАУ-АСТРАХАН» ТАСЖОЛЫНЫҢ 154 ШАҚЫРЫМЫ ҚОЛДАНЫСҚА...
Толығырақ...