
Жеңімпаздарды қарсы алды (ВИДЕО)
Құрманғазылықтар республикалық слеттің жеңімпаздарын салтанатты түрде қарсы алды. Қарағандықаласында өткен Ғазиз Байтасов атындағы 19-шы республикалық «Жас жолқозғалысының инспекторлары» слетіне М.Әуезов орта мектебінің командасы қатысқанболатын. Олар Қазақстанның барлық облысы және ТМД елдерінен қатысқан додадаоблыс намысын қорғап, жүлделі ІІІ орынды иемденді. Жеңімпаз жас патриоттарды аудан әкімдігі, мектеп ұжымы мен туған-туыстары қолдарына гүл шоқтарын алып, ерекшеықыласпен күтіп алды.